Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
2025 жылдың алғашқы бес айында Қорға барлығы 10 363 шағым түсті, олардың 5 073-і қайтарылып алынды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға төмен. Ол кезде 11 745 шағым тіркелген еді (5 167 қайтарылған).
«Азаматтардың шағымдарын азайту және медициналық қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыс нәтижесінде оң нәтижеге қол жеткізілді. Осы мақсатта Қор медициналық ұйымдар базасындағы пациенттерді қолдау қызметтерімен бірлесіп жұмыс істейді. Қор бұл қызметтердің мамандарының кәсіби деңгейін арттыру үшін ай сайын оқыту сессияларын ұйымдастырады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Оқытулар негізгі бағыттарды қамтиды – беделді басқару (репутациялық менеджмент), этика және деонтология, ҚР медицина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі. Сессия барысында нақты келіп түскен шағымдар талданып, қаралады. Бұл теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, сондай-ақ халық тарапынан сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Халықпен кері байланысты күшейту және еліміздегі медициналық көмектің сапа стандарттарын арттыру жұмыстары жалғасуда.
Еске саламыз: Егер сіз медициналық көмек алу кезінде мәселе туындаса, дәрігердің ем тактикасына қатысты шешімімен келіспесеңіз немесе МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізге қатысты сұрақтарыңыз болса, Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне аласыз. Аталған қызмет әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейді. Оның жұмысы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен реттеледі («Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»).
18.06.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



